25.02.2022, 17:10
Оқылды: 70

Украинадағы оқиғалар: Қазақстандағы бизнес өкілдеріне үндеу жасалды

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Украинадағы оқиғаларға байланысты Қазақстандағы бизнес өкілдеріне үндеу жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

IMG-20220225-WA0054

Көрші елдердегі төтенше жағдайлар кезінде ведомство Қазақстанның негізгі нарықтарындағы жағдайды мұқият қадағалап отыратыны айтылған. Әңгіме әлеуметтік маңызы бар өнімдер, жанар-жағармай, газ, көмір, дәрі-дәрмектер, құрылыс материалдары және басқа да тауарлар бағасының құбылуы туралы болып отыр.

"Агенттік бизнесті дүрлікпеуге және бағалық сөз байласуды белгілеу және қолдау, тауарларды өндіруді не өткізуді негізсіз шектеу, сондай-ақ монополиялық жағдайды теріс пайдалану деректері Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 159-бабы бойынша сараланатынын ескертеді", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі мұндай құқық бұзу монополиялық кірісті тәркілей отырып, монополиялық қызмет нәтижесінде алынған кірістің 3 пайызы, ірі кәсіпкерлік субъектілері үшін 5 пайыз көлемінде айыппұл салуға әкеп соғатынын еске салды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале