23-24 қыркүйек күндері Сербияның Нови-Сад қаласында спорттық және жауынгерлік самбодан әлем кубогі өтті.
Жарысқа Армения, Болгария, Босния және Герцеговина, Венгрия, Израиль, Испания, Италия, Нидерланд, Солтүстік Македония, Сербия, Хорватия, Швейцария және басқа елдердің командалары қатысты.
88 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Ұлттық ұланның 6655 әскери бөлімінің әскери қызметшісі Еламан Қойшыбаев самбодан чемпион атанды.
Ертуған Әубәкір