16.03.2024, 14:00
Оқылды: 61

Ұландықтар әз-Наурыз мерекесімен құттықтады  

Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі-жаңару мен жасампаздықтың бастауы, ырыс берекенің арқауы, тек адамзаттың ғана емес табиғаттың да жаңарып, бойы түзейтін керемет бір кербез шағы десек те артық айтқанымыз емес. Бұл күні күн мен түн теңеліп, төрт түлік төлдеп, қақаған қыстың ызғарынан құтылып, көктемнің шыққан бір кезі. Наурыз мерекесі қазақ халқында сан ғасырлардан бері тойланып келетін кербез мерекелердің бірі. Көктемнің шуақты мейрамы барша қазақ отбасыларында  аталып өтіледі. Халқымызда «наурызда самарқанның көк тасы жібиді» деген үлкен сөз бар. Күн мен түн теңесіп, барша тіршілік иелеріне жан бітетін асыл мейрамдардын бірі. Бұл керемет мереке аясында барлық адамдар бір-біріне алғыстарын айтып, жаңа жылмен құттықтайды. Бүгінде еліміздің айбыны болған Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының әскери қызметкерлері де бұл мереке аясында барша қазақ жұртына өз құттықтауларын жеткізеді. Осы орайда ел айбыны болған Ұлттық ұланның «Батыс» өңірлік қолбасшылығының әскери қызметкерлері әз-Наурыз мерекесімен құттықтады.

Ең алғашқы болып өзінің ыстық ілтипатын білдірген «Батыс» өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары полковник Алазов Бақыт Мағауұлы:

1

- Ежелден жаңарту мен жасампаздықтың бастауы, ырыс пен берекенің арқауы болған бұл Әз-Наурыз біздің халқымыз үшін ыстық мереке болары сөзсіз. Барша әлем жаңарып, жайқала түскендігінен болар, бұл мереке біздерде жаңа жыл деген атқа ие. Қазақ халқы осы күнді асыға күтіп, дәл осы мерекені одан әрмен думанға айналдыратыны да бізге мәлім. Бұл мереке әр жылдың көктем айының 22 ші жұлдызында келіп, күн мен түннің теңелуіне де қатысады. Бұл мейрам күні ақ тілектер мен жылы лебіздер жауатын күн. Олай болса, Наурыз мерекесі баршаңызға жаңа жетістіктер, молшылық пен татулық әкесін. Еліміз тыныш, жұртымыз аман болып, әр отбасында шат көңіл бақыт және береке салтанат құрсын!

Ал, екінші болып «Батыс» өңірлік қолбасшылығының 5517 әскери бөлім командирі  подполковник Сахатов Өміржан Төлешұлы:

2

- Наурыз мерекесі көптеген халықтардың дәстүрлі мерекесі болып табылады. Наурыз-жылдың басы, күн мен түннің теңелер шағы. Тамырын тереңнен тартқан осынау мейрам береке мен бірліктің, тазалық пен татулықтың тұғырын нығайтып, риясыз шаттыққа кеңелтер ұлы мерекелердің бірі. Әр жыл сайын еліміздің барлық аумағында бұл мереке жоғарғы деңгейде аталып өтіледі. Бұл күн тіршіліктің, дәстүрлі құндылықтар аясында бірігіп, игілікті жаңа бастауларға ниет білдірудің нышаны. Көне заманнан бері бұл мереке сұлулық пен жасампаздықтың символы болып келеді. Көпұлтты еліміздің халқының өз мүмкіндіктеріне деген сенімдерін арттыра түсіп, рухани байлыққа кеңелетін кезеңдердің бірі. Сонымен қатар бұл күн қыстың сәтті аяқталып, барша еліміз жаңаша кейіпке еніп, көктемнің келгенін білдіреді. Еліміз үшін айрықша болған бұл мереке қарсанында, барша қазақ жұртың көктемнің жарқын мерекесімен құттықтай отырып, елімізге тыныштық, жұртымызға амандық, бақыт-береке тілеймін,- деп ақжарма тілегін жеткізді.

Келесі   кезекте «Батыс» өңірлік қолбасшылығының 6656 әскери бөлім командирінің тәрбие және әлеуметтік құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары, майор Мауғазин Асқар Серікұлы:

PHOTO-2024-03-16-13-06-29

- Тәуелсіз мемлекетіміздің қалыптасуымен бірге, наурыз мерекесі барша қазақстандықтар үшін сүйікті мейрамдардың біріне айналғаны бәрімізге анық. Көктемнің жайма шуағымен пара-пар келетін бұл мереке барша халықтың жүрегіне жылулық пен тыныштық ұялатады. Көктемнің осы бір айында, қоғамның ынтымағы мен бірлігін, бейбітшілігі мен түсіністігін нығайтатын адам баласының да жан дүниесі жаңғыра түседі.

Наурыз мерекесі бұл тек көктем мезгілінің ғана емес, ең әуелі ізгілік пен жақсылықтың мерекесі болып табылады. Ұлыстың ұлы болған осы күні, барша адамдар бір-біріне деген өкпе-реніштерін ұмытып, дау-жанжалдарын тоқтатып, кешірімге келіп татуласып, табыса білген. Ал, халқымыз болса осы мереке қарсанында мол дастархан жайын, ақ сүттей таза ақ көңілімен келген қонақтарды қарсы алып, дәм татысып, барша жұртқа тек жақсылық тілеген. Осы орайда менде бүгін, күн-мен түннің теңелуі кезінде келетін жарқын мерекемен еліміздің барша халқын құттықтай отырып, елімізге тыныштық, отбасыларына амандық, бақ береке тілеймін,- деді.

Осындай ізгі тілектердің арқасында, адамдар бір біріне әрдайы жылы лебіздерін білдіріп, еліміздің ынтымақтастығын арттырады. Қазақстандағы жүздеген ұлт пен ұлыстардың өкілдерін бір-бірімен тату тәтті, берекелі өмір сүруге әкеледі. Әз-Наурыздың адам баласын ізгілік пен сыйластыққа тәрбиелейтін тарихы тереңнен келе жатқан бұл мереке арқылы біз барша қазақстандықтардың бойында бұл мерекенің қасиетін дарытуға оны өз өміріміздің салтына айналдыруға мақыштану керекпіз.

                                                                 Бақдәулет Манарбек,

        лейтенант

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале