13.08.2025, 11:30
Оқылды: 92

Ұландықтар Батыс Қазақстандағы түзету мекемесіне тыйым салынған зат кіргізу әрекетінің жолын кесті

Орал қаласында ҚР Ұлттық ұланының әскери қызметшілері қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қызметкерлерімен бірлесіп, қатаң режимдегі колония аумағына тыйым салынған зат өткізбек болған азаматты ұстады.

565c18ce-502d-4a29-9ee6-9f6e40178882

Оқиға күзет аймағында жоспарлы патрульдеу барысында орын алған. Қызметтік наряд қоршау маңында күмәнді қимыл жасаған ер адамды байқайды. Тексеру кезінде оның түзету мекемесі аумағына алты ұялы телефонды лақтыруға оқталғаны анықталды.

Жедел әрекет еткен әскери қызметшілер құқық бұзушыны оқиға орнында ұстап, тәркіленген заттарды тиісті органдарға тапсырды.

Ұсталған сәтке тікелей куә болған Ұлттық ұланның қатардағы жауынгері Фархад Жаңбырбаев жағдайды былайша баяндады:
— Біз ер адамның бұталардың арасынан бір затты алып, қолын сермегенін көрдік. Бұның тыйым салынған затты қоршаудан асырып тастау әрекеті екенін түсіндік. Қаруласым екеуміз дереу тоқтатып, ұстап үлгердік. Барлығы бірнеше секунд ішінде болды, — деді ол.

ҚР ІІМ Ұлттық ұланы “Батыс” өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале