8.01.2021, 9:12
Оқылды: 42

Ұландықтар Берікжанның отбасында

Әскери қызметін орындау кезінде Ақтөбедегі террорлық шабуылдан 2016 жылдың 5 маусымында қаза тапқан кіші сержант Берікжан Қалиевтің отбасына Оралдағы әріптестері арнайы барды.

уландыктар берикжаннын отбасында

5517-әскери бөлім командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары, подполковник Жәнібек Сәрсенов марқұмның  жұбайы Нұрсұлу Қалиева мен балаларын Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, сый-сияпаттарын табыстады.

– Мен мұндай құрметті күткен жоқпын, құттықтауларыңыз үшін рақмет. Сүйікті жарымды, балаларымның әкесін еске алып, алтын уақыттарыңызды бөліп, көңіл аударғандарыңызға мың да бір алғыс. Сіздерге отбасында бақыт, қызметте тек сәттілік тілеймін, - деді марқұмның жұбайы Н.Қалиева.

Айта кетелік, қаза болғаннан кейін Берікжан Қалиевтің отбасына “Айбын” ордені табысталған болатын.

Ерболат СҰЛТАНОВ, 

подполковник

Орал қаласы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале