25.02.2025, 19:00
Оқылды: 295

Ұландықтар ғасыр жасаған ардагерге құрмет көрсетті

Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы, генерал-майор Бекайдар Қазкеев ғасыр жасаған Ұлы Отан соғысының ардагері, ғасыр жасаған Скаленко Вениамин Пантелеевичті арнайы құттықтап, сый-сияпатын табыс етті.

276bcce3-804a-4325-a12b-ea380b88a34e

Қарияны құттықтауға арнайы келген ұландықтарға ардагер ерекше ілтипат білдіріп, соғыс жылдарындағы естеліктерімен бөлісті.

— Сол бір сұрапыл жылдар алыстаған сайын оның ауыртпалығын сезіну де ерекше бола түседі. Біз майдан даласында ел мен жер үшін шайқастық. Өмірден түйгенім — әрқашан айналаңдағыларға жақсылық жасау керек. Себебі жасаған жақсылығың Алладан қайтады, — деп сөзін қорытындылады ардагер Вениамин Пантелеевич.

Қолбасшы Бекайдар Қазкеев соғыс және еңбек ардагеріне алғыс айтып, оның ерлігі мен өмір жолы бүгінгі буын үшін зор үлгі екенін атап өтті.

— Сіздер жасаған ерлік – мәңгілік. Біз, кейінгі ұрпақ, бейбіт өмірдің қадірін біліп, сіздердің аманаттарыңызды адал атқаруымыз керек. Бүгінгі жас сарбаздар үшін сіздердің батырлық жолдарыңыз – нағыз өнеге. Ұлттық ұланның әрбір әскери қызметшісі өз борышын адал атқарып, Отанды қорғау жолында аянбай қызмет етеді, — деді генерал-майор Бекайдар Қазкеев.

b278a809-964e-4606-adfd-4226a58ef88f

Іс-шара барысында әскери бөлімнің өнерпаздары соғыс жылдарындағы әндерді орындап, ардагерге ерекше көңіл-күй сыйлады. “Катюша” және “День Победы” әндері шырқалған сәтте Вениамин Пантелеевич те, генерал-майор Бекайдар Қазкеев те өнерпаздармен бірге қосыла ән шырқады. Бұл әсерлі сәт майдангерлер рухының өшпес белгісіндей болып, бейбіт өмірдің қадірін сезінудің тағы бір айқын көрінісіне айналды.

Кездесу соңында ардагер қонақтарға ақ батасын беріп, еліміздің тыныштығы мен сарбаздардың амандығын тіледі. Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында майдангерлерге көрсетілген мұндай құрмет – ұрпақтар сабақтастығының айқын белгісі болды.

ҚР Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале