15.11.2023, 18:38
Оқылды: 54

Ұландықтар қаржы мамандарына құрмет көрсетті

15 қараша экономиканың қаржы секторының қызметкерлері өздерінің кәсіби мерекесі – «Қаржыгерлер күнін» тойлайды. Осы күнді таңдау еліміз үшін кездейсоқ емес. Өйткені бұл күн – ұлттық валютамыз теңгенің 1993 жылы 15 қарашасында жалпы айналымға енуімен байланысты. Маңызды мерекенің күнтізбедегі орнында да жалпы халық арасында да биік мәртебесі бар. 

  • IMG-20231115-WA0313

Мереке қарсаңында ҚР Ұлттық ұланның «Батыс» өңірлік қолбасшылығының басқарма офицерлері, қаржы қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, бағалы сыйлықтармен алғысхаттар табыс етті.

IMG-20231115-WA0312

- Сіздердерді өңірлік қолбасшылықтың жеке құрамы атынан Ұлттық валютамыз – Теңге күнімен және Қазақстан Республикасы қаржы органдары қызметкерлерінің кәсіби мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Сіздердің жұмыстарыңызға сәттілік, Тәуелсіз Қазақстанымыздың экономикасының қаржылай ақуалын нығайту жолындағы еңбектеріңізге табыс тілеймін, - деді «Батыс» өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының міндетін уақытша атқарушы полковник Нариман Акбаров өз сөзінде.

Ертуған Аубакир,

капитан

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале