15.05.2024, 12:15
Оқылды: 88

Ұландықтар қоян-қолтық ұрыс спортынан сынға түсті

 

Ақтауда қоян-қолтық ұрыстан Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығының біріншілігі өтті.

74a478f6-1855-49d0-891f-27a10404f643

Ұйымдастырылған турнирге барлығы 6 команда 50-ге жуық спортшы қатысты. Өткізілген жарыстың басты мақсаты әскерилердің арасында қоян – қолтық ұрыстан Ұлттық ұлан чемпионатына қатысатын жауынгерлерді іріктеу болатын.

Спорттық жарыстың ашылу салтанатында Ақтау қаласында орналасқан 3502 әскери бөлімінің командирі подполковник Марат Нұрмұратов сөз сөйлеп, әскери қызметшілердің арасында спортшылардың шеберлігін шыңдау өте маңызды екенін айтты. Сонымен қатар қатысушыларға сәттілік тілеп, спортпен тұрақты айналысып, салауатты өмір салтын орнықтырудың маңызын атап көрсетті.

- Ақтауда орналасқан Ұлттық ұланның 3502 әскери бөлімінде «Батыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты әскери бөлімдердің жауынгерлері арасында жарыс өткізіп отырмыз. Бұл жарысқа әскери бөлімнің барлық бөлімінен 7 салмақ дәрежесі бойынша 50-ге жуық спортшы қатысып отыр. Мұндай спорттық жарысты өткізудегі мақсатымыз – әскери қызметшілердің арасында бұқаралық спортты дамыту, алдағы болатын Ұлттық ұлан біріншілігіне қатысатын үздіктерді анықтау, - деді «Батыс» өңірлік қолбасшылығының спорт және дене даярлығы қызметінің  бастығы подполковник Бахтияр Қалдыбеков.

Жарыстың қортындысына келсек, қоян-қолтық ұрыстан жалпы командалық есепте 6655 (Ақтөбе қаласы) әскери бөлімінің жауынгерлері үздік деп танылса, екінші орынды 5548 (Жаңаөзен қаласы) әскери бөлімінің спортшылары иеленді, ал үшінші орынды 3502 (Ақтау қаласы) әскери бөлімінің жауынгерлері қанағат тұтты.

26b564ea-f7ae-4022-a10b-963aec414110

57 келіге дейін салмақта ефрейтор Ізтілек Марданов 6655 әскери бөлімінің жауынгері, 62 келіге дейін қатардағы Виталий Морозов 6656 әскери бөлімінің сарбазы, 67 келіге дейін қатардағы Мансұр Мимбулатов 3502 әскери бөлімінің сарбазы, 73 келіге дейін ефрейтор Нұрсұлтан Измурзаев 6655 әскери бөлімінің жауынгері, 80 келіге дейін қатардағы Николай Калашников, 5546 әскери бөлімінің сарбазы, 88 келіге дейін кіші сержант Темирлан Рысмұхамбетов 6655 әскери бөлімінің жауынгері, 97 келіге дейін қатардағы Әли Насіпкалиев 5517 әскери бөлімінің сарбазы (Орал қаласы)жеңіс тұғырынан көрінді.

113f8a97-6138-4b83-a901-7fb3c709a272

Жарыстың жабылу рәсімінде бөлім командирі әскери қызметшілердің жауынгерлік даярлығында қоян-қолтық ұрыстың маңыздылығы зор екендігін атап өтіп, турнирдің жеңімпаздары мен жүлдегерлерін құттықтап, жарысқа қатысушыларға алғысын білдірді.

Ұлттық ұланның әскери бөлімдерінде, өңірлік қолбасшылықтарында жыл сайын түрлі жарыс өткізіліп келеді.

Айта кетейік, өткізілген турнирдің жеңімпаздары шілде айында Қызылжар қаласында өтетін Ұлттық ұлан біріншілігінде «Батыс» өңірлік қолбасшылығының намысын қорғайды.

Ертуған Әубакир,

капитан

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале