11.10.2022, 15:01
Оқылды: 161

Ұландықтар қырағылық танытты

Күнделікті Қазақстан Республикасы Ұлттық ұлан «Батыс» өңірлік қолбасшылығының 5517 әскери бөлімінің әскери қызметшілері  Орал қаласындағы қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында жауынгерлік қызметке шығады. Олардың басты мақсаты –  қаладағы қоғамдық қауіпсіздікті  қамтамасыз ету, сонымен қатар ұрлық, бұзақылық, зорлық-зомбылықтың алдын алу. 

9a6c6c58-5066-4ce5-aa81-06bbe9fe7c18 (2)

Еліміздің барлық аймақтарында ел тыныштығын қамтамасыз ететін ұландықтар күнделікті жауынгерлік қызметтерін атқару барысында, жоғалған балаларды тауып, ата-анасымен қайта қауыштырып, ұрлық, зорлық-зомбылықтың алдын алып, бұзақыларды құрықтап жауынгерлік қызметтерін қырағылықпен атқарып келеді.

2022 жылдың 8 қазанында сағат 19.20 шамасында патрульдік топ бастығы кіші сержант Айбек Шаяхметов өзінің серіктестері қатардағы Кирсан Сарангов және қатардағы Кирил Мендібаевпен бірге өзіне берілген аймақта қоғамдық тәртіпті күзетіп жүргенде, әскери жасаққа қарсы келе жатқан белгісіз азамат бірден күдік туғызады. Оның шапшаң жүргені, қолын шалбарының қалтасына салып алуы, сарбаздарға сезікті боп көрінеді.

Көше тәртібін күзету барысында заңбұзушының психологиясын әбден зерттеп алған сарбаздарды ішкі түйсігі алдамапты. Жақындай бергенде әлгі азаматты тоқтатып, әскери топ бастығы кіші сержант Шаяхметов Айбек өзін таныстырып, сыртқы тінту жұмыстарын жүргізеді. Тінту жұмыстары  барысында қара түсті сөмкесінің қалтасынын 6-7 см ұзын жүзді жиналмалы пышақ табылды.

Ұландықтар оқиғаны дереу әскери жасақ кезекшісіне баяндап, күдіктіні Орал қаласының  ішкі істер басқармасына жеткізді. Қазіргі уақытта істің мән-жайы анықталуда.

Қоғамдық тәртіпті атқару кезінде қырағылық танытқан әскери қызметшілер бөлім командирінің құқығымен марапаттауға ұсынылды.

капитан Әубакир Ертуған,

Орал қаласы

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале