Warning: session_start(): open(/tmp/sess_8n9u791iuu6int3g75cp24h0n2, O_RDWR) failed: No space left on device (28) in /www/wwwroot/zhaikpress.kz/wp-content/themes/zhaik_2024/functions.php on line 288

Warning: session_start(): Failed to read session data: files (path: ) in /www/wwwroot/zhaikpress.kz/wp-content/themes/zhaik_2024/functions.php on line 288
Жайық Пресс - Ұландықтардың қырағылығының арқасында Оралда бала ата-анасына аман-есен табысталды - официальные новости ЗКО
12.07.2025, 12:30
Оқылды: 424

Ұландықтардың қырағылығының арқасында Оралда бала ата-анасына аман-есен табысталды

Орал қаласындағы 5517 әскери бөлімінің патрульдік жасағы педагогикалық институт маңындағы көшелердің қоғамдық тәртібін қадағалау барысында ересектерсіз жүрген баланы байқап қалған.

IMG_5968

Сарбаздар дереу баланың қасына барып, мән-жайды анықтауға тырысты. Әңгіме барысында оның адасып кеткені, қайда барарын білмейтіні белгілі болды. Әскерилер кідірместен баланы патрульдік көлікке отырғызып, полиция департаментіне қарай бет алды.

- Бала жақындарынан көз жазып, қатты қорқып қалған екен, бірақ тез тіл табыстық. Бастысы - оның қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, ата-анасын тезірек табу еді, - деді лейтенант Саламат Әнуаров.

Әскерилердің жедел әрі үйлесімді әрекетінің нәтижесінде бала қысқа мерзім ішінде ата-анасына табысталды.

Ұлын көрген анасы ерекше қуанып, Ұлттық ұлан сарбаздарына алғысын білдірді.

ҚР ІІМ ҰҰ Баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале