16.06.2023, 16:15
Оқылды: 48

Үлкен Алматы айналма автожолының ашылды

Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрлігі хабарлады.

7f385a5c9e948bc59ca58f2aafa0a202_1280x720

«Бүгін елімізде бұрын соңды болмаған, автожол саласындағы ірі жоба өз мәресіне жетіп отыр. Концессионер ашық және екі кезеңдік конкурстық рәсімдер арқылы таңдалды. Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік механизмі бойынша іске асқан жобаның маңызы зор», - деді  ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров ҮААЖ-дың ресми ашылуында сөйлеген сөзінде.

ҰЭМ басшысы атап өткендей, бұл жоба халықаралық инвесторлар мен жетекші даму банктерінің үлкен қызығушылығын тудырды. Ірі инвестициялық жоба 1 жыл мерзімнен озып, небәрі 3 жыл ішінде іске қосылды.

2c8abe06a33e01fbc30e4c02eb26a7bf_1280x720

«ҮААЖ техникалық және экологиялық стандарттарға сәйкес келеді. Ол сенімді және қауіпсіз заманауи автомобиль жолы болып табылады. Әсіресе, Алматы қаласы мен Алматы облысы тұрғындарының еркін қозғалуына септігін тигізері сөзсіз», - деді министр.

Үлкен Алматы айналма автожолының ұзындығы 66 шақырым. Сондай-ақ, ол 14 елдімекенді қамтитын Алматы облысының үш ауданы арқылы өтеді. ҮААЖ Алматының көлік жүйесіне түсетін салмақты жеңілдетеді деп күтілуде. Жобаның жалпы құны – $743 млн.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале