16.06.2022, 9:45
Оқылды: 1

Ұлт көсеміне арналды

Облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнаулы кітапханада республикалық «Бір  ел  –  бір  кітап» акциясы ауқымында балалар арасында әдеби лото ұйымдастырылды. Іс-шара ұлт көсемі Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына арналды.

IMG_8125

Әдеби лотоға облыстық көру қабілеті бұзылған балаларға арналған арнаулы мектеп-интернаты оқушыларынан құралған «Алғырлар» және қаладағы А.Тайманов атындағы №34 мектеп-гимназиясы оқушыларынан құралған «Білгірлер» тобы қатысты. Олар ақынның өмірі мен өлеңдері, мысалдары хақында берілген сұрақтарға жауап беріп, тапсырмаларды орындады. Лото картасы парақшасындағы сандарды толық сызып тәмамдаған «Алғырлар» тобы да, «Білгірлер» тобы да өз білімдері мен тапқырлықтарын көрсете білді. Қос топқа жанкүйер боп қатысқан №5 орта мектептің оқушылары Ахмет Байтұрсынұлының шығармашылығы туралы кеңінен мағлұматтар айтып, тартысты өткен іс-шара жайында ой-пікірлерін ортаға салды.

IMG_8172

Ұлы тұлғаның әдеби әлемін балаларға қызықты түрде жеткізуге бағытталған әдеби лотода білімі мен біліктілігін танытқан аталмыш  топтар алғысхатпен марапатталды.

Гүлмайра Саменова,

облыстық зағип және нашар көретін  азаматтарға арналған арнаулы  

кітапхананың әдіскері,

Орал қаласы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале