16.12.2020, 19:26
Оқылды: 104

Ұлттық арнаның тартуы

 Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында «Қазақстан» телерадиокорпорациясы жылдың басты жобасы -  ұлы Абайдың 175 жылдығына арналған «Абай» және Әл-Фарабидің 1150 жылдығына арналған «Әл-Фараби» телехикаяларын ұсынды.

abc83e21-3101-452f-8a6c-c3eb693134f6

«Абай» телехикаясы Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» роман-эпопеясындағы негізгі оқиғаларды арқау ете отырып, Абай өмір сүрген кезеңді бейнелейді. 6 бөлімнен тұратын сериалда ақын өмірінің үш кезеңі қамтылған. Абайдың кемеліне келген шағын Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Болат Әбділманов, жас Абайдың бейнесін Ғ.Мүсірепов атындағы жастар мен жасөспірімдер театрының актері Дархан Сүлейменов, ақынның бозбала шағын актер Әли Тұрсынхан сомдады. Құнанбай рөліне ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Бауыржан Қаптағай, Абайдың анасы Ұлжан рөлін сомдауға белгілі актриса Гүлшат Тұтова, әжесі Зеренің рөліне Қазақстанның Еңбек сіңірген әртісі Рахилям Машурова таңдалды.

«Абай»  - ұлы ақын туралы жарық көріп отырған алғашқы телехикая.  Қиындықтарға, пандемияға қараматстан түсірілгенін атап өтуге болады. Түсірілім жұмыстары екі айға жуық уақыт Алматы облысында  өтті. Сериалдың режиссері – Мұрат Бидосов. Сценарий авторы – Сержан Зәкерұлы.  Кеңесшілері - абайтанушы ғалым Мекемтас Мырзахмет пен жазушы-драматург Дулат Исабеков. Бас редакторы  - Қайнар Олжай.

ec98240a-58d2-429d-bfd4-10ce9d98e454
Телехикая Абай елінде түсіріледі деп жоспарланғанымен, қатаң карантиндік шараларға байланысты түсірілім жұмыстары Алматы облысында өтті. Десе де, арнайы құрылған декорация мен қазақ ауылы Абай өмір сүрген кезеңнің сипатына сай көрініс тапты деуге болады.  Актерлер еліміздің түкпір-түкпірінен тартылды.
Корпорация Әл-Фараби туралы телехикаяның түсірілімін де алғаш болып қолға алып отыр. Әлемге ортақ тұлға десек те, ол туралы ешбір елде сериал түсірілген жоқ. 7 бөлімнен тұратын сериалда Әл-Фарабидің адамзатқа «екінші ұстаз» атанып, ғылымның шыңына шыққан Дамаскідегі кезеңі мен Отырарда өткен жастық шағындағы көріністері қатар өрбиді.

0200143b-8322-4423-bd09-4094f2423f2b

Телехикаяның түсірілім жұмыстары Түркістан облысы, Алматы облысы, Отырар қалашығы мен көне Хиуа, Дамаск қалаларында жүргізілді. Рөлдерге аймақтардағы жергілікті театрлардың актерлері тартылды. Ғұлама Фараби рөлін Р.Сейтметов атындағы «Түркістан» театрының актері Айдар Наурызбаев, жас Әл-Фарабиді Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер университетінің түлегі, актер Бекзат Жүнісов сомдап шықты. Фильмнің продюсері – Батырхан Дәуренбеков.
Кешегі кеңестік дәуірдегі «Абай әндері» мен ақынның 150 жылдығына арнап түсірілген «Абай» фильмдерін көрермен ұмытқан жоқ. Екеуінде де өз уақытының талабы, өз кезеңінің табы бар. «Абай әндері» фильмі отаршылдық тақырыбын, ақын қасіретін айналып өтуін түсінуге болады. Екінші «Абай» Тәуелсіздіктің елең-алаңында түсірілгендіктен және той қарсаңындағы уақыт тапшылығынан оның құлашы кеңге сермелмеді. Қазіргісі «Қазақстан» телерадиокорпорациясы қолға алып отырған «Абай» сериалы.

f728c6c8-3de5-4ad8-9305-619c0c2c568d caf1d8fd-9dc5-4a9a-89d7-21ba8ad2a224 a603b909-133f-4545-9579-d762f5456059 a240ceab-d916-43ac-afd9-f0cb62e12871 10655529-9559-4240-af70-73c1e1344e25 6489678d-f458-4b2c-917d-f5f700410bfc 4296ac74-4464-4bf9-9a50-3839c7d5bac9 485e57f5-4470-4bb5-9780-fe0c9bfa4491 39cc892a-d1ac-4914-8170-f13a2893f88a 15b4c978-c0bd-4ca7-994a-f34548fd2bd9

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале