29.08.2025, 16:30
Оқылды: 109

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені бұрынғы деңгейде қалдырды –16,5%

Ұлттық банктің ресми баспасөз хабарламасын оқиық: инфляция болжамы нашарлаған, ал риторика қатаңдай түскен.

ЖП АҚША

Мөлшерлеме бұрынғы 16,5% деңгейінде қалғанына қарамастан, реттеушінің ұстанымы аздап өзгерген секілді. Егер өткен айда ҚРҰБ бұл деңгейді 2025 жылдың соңына дейін сақталуы әбден мүмкін деп есептесе, қазір мұндай ой хабарламада жоқ.

Керісінше, нақты атап өтілген: егер инфляция алдағы айларда айтарлықтай баяуламаса, онда реттеуші ақша-несие жағдайларын қатаңдатуды ойластырады және алдағы отырыстарда мөлшерлемені көтерудің орындылығын қарастырады.Әрі бұл жерде дезинфляциялық факторлар ретінде қарастырылуы тиіс қосымша шаралар есепке алынған. Нақтырақ айтқанда, осы шаралардың ішіндегі жекелеген несилеуді реттеу саласындағы шаралар жайлы сөз болып отыр.

Ұлттық банк қазіргі жағдайды қалай сипаттайды?
Шілдеде жылдық инфляция маусымдағы 11,8% деңгейінде қалып қалды, бірақ айлық көрсеткіш соңғы жылдардың орташа деңгейінен әлдеқайда жоғары болды. Халықтың инфляциялық күтулері өсті, сыртқы қысым әлі де сақталып отыр.

Баға өсімі жақын болашақта қалай болады?
2025 жылға инфляция болжамы маусымдағы 10,5%-12,5% деңгейінен сәл жоғарырақ, енді 11%-12,5% диапазоны күтілуде. Ал 2026 және 2027 жылдарға бағалау әзірге өзгерген жоқ: тиісінше 9,5%-11,5% және 5,5%-7,5% деңгейінде күтілуде.

 

Дереккөз: @DataHub_KZ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале