5.01.2022, 15:00
Оқылды: 39

Ұлттық банк: Еліміздегі барлық банктер штаттық режимде жұмыс істеп жатыр

Еліміздегі барлық банктер штаттық режимде жұмыс істеп жатыр. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мен Қазақстан Ұлттық Банкі бірлесіп мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

22

«Екінші деңгейлі банктер) барлық банктік қызметтері – жалақы мен зейнетақыны, жәрдемақыларды есептеу және алу, оларды банкоматтар арқылы шешу секілді банк қызметтері үздіксіз жұмыс істеп тұр. Қаржы ұйымдарына тиесілі банкоматтар мен терминалдар қолма-қол ақшамен толық қамтамасыз етілген. Қазіргі уақытта интернет желісіндегі жалпы іркілістерге байланысты банк қосымшалары мен төлем терминалдарының жұмысында уақытша кідіріс бар. Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде тарап жатқан – несиелерді есептен шығару туралы ақпараттың шындыққа сәйкес келмейтінін ресми түрде хабарлаймыз», - делінген хабарламада.

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мен Қазақстан Ұлттық Банкі азаматтар мен БАҚ өкілдерін тек ресми ақпарат көздеріне сүйенуге шақырады.

Кеңселер мен филиалдардың жұмысына қатысты толығырақ ақпаратты банктердің Call-орталықтарынан білуге болады

Кеңес алу үшін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің +7 (727) 237 10 00 Call-орталығына және Қазақстан Ұлттық Банкінің 1477 қысқа нөмір бойынша байланыс-орталығына хабарласуға болады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале