9.03.2022, 9:40
Оқылды: 47

Ұлттық банк «теңге – АҚШ доллары» сауда-саттығының регламентін өзгертті

Қазақстан Ұлттық банкі «Қазақстан қор биржасы» АҚ-мен бірлесіп, 9 наурызда «теңге – АҚШ доллары» валюта жұбы бойынша сауда-саттық регламентін өзгерту туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ұлттық банкке сілтеме жасап.

1534223705_news_b

Фотосурет: Almaty.tv

Оған сәйкес, «теңге – АҚШ доллары» валюта жұбы бойынша сауда-саттық 9 наурыз күні Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша сағат 15:00-де ашылады және Франкфурт аукционы форматында жүргізіледі.

«Бұл шешім жоғары құбылмалылық аясында валюта нарығының тұрақсыздануына және сыртқы факторлар тарапынан қысым жасауға жол бермеу мақсатында қабылданды.

«Теңге – АҚШ доллары» валюта жұбы бойынша сауда-саттықтың бұдан былайғы режимі туралы ақпарат ресми байланыс жасау арналары арқылы уақтылы жеткізілетін болады», - делінген ҰБ ақпаратында.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале