Алдағы жылда теңге күшейе ме, әлде құлдырай ма? Бұл сұраққа Үкіметтің баспасөз орталығында Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыровқа жауап берді, деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Біз үш жылдық бюджетті бекіткенде ұлттық валюта құнын 460 теңге (долларға шаққанда) болады деп болжадық. Жалпы оның құны тұрақты болады деп болжаймын, - дейді Қуантыров.
Министр "әлемдегі геосаяси жағдай мен санкция теңгені әлсіретпей ме?" деген сұраққа былай дейді:
Былтыр геосаяси жағдай пайда болғанда біз бюджетке "корректировка" жасадық. Себебі макроэкономикалық сыртқы факторлар бізге әсер етті. Сол себепті бюджетке тиісті өзгерістерді жасадық. Содан кейін әлеуметтік-экономикалық даму бойынша бес жылға арналған болжамдарға тиісті өзгерістерді енгіздік. Әрқашан ондай құқығымыз бар. Керек болса, біздің резервтеріміз бар, - дейді ведомство басшысы.
Жасұлан Ордабаев,
massaget.kz