Бүгін Ұлттық Кеңес аясында әлеуметтік-экономикалық реформалар жөнінде Рахим Ошақбаев баяндама жасады.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық Кеңесте ұсынып, іске асқан әлеуметтік бастамалары өте маңызды. Президент Тоқаевтың Ұлттық Кеңесте бастамашы болған әлеуметтік бастамалар экономиканы реформалаудың локомативіне айналған - деп жазды Ұлттық кеңес мүшесі Ерлан Саиров.
Бірнеше іс-шараларды атаса болады.
- Жер мәселесінің түбегейлі шешілуі.
- Азаматтардың зейнетақы қорларын үй жағдайын жақсартуға пайдалануы. 405 мың адам үй жағдайын жақсартып, 34 мың адам емделген.
- Шет елден жұмыс күшін тарту квотасын 40 пайызға қысқарту.
- Оңтүстіктен Солтүстікке қоныс аударған азаматтарға көмек.
- Педагогтардың статусы мен жалақысының артуы.
- ЖОО оқытушылары жалақысының өсуі.
- Дәрігерлердің жалақысының артуы.
- Мүмкіндігі шектеулі балаларға ЖОО түсуге квота белгілеу.
- Квазимемлекеттік секторға азаматтық қоғам өкілдерін өкілеттеу.
- Ұлттық Кеңес аясында 17-заң, Президент Жарлығы қабылданған.
Азаматтардың әлеуетін өсіруге нақты қадамдар.
baq.kz