Алматы қаласының прокуратурасы «Шәкен Айманов атындағы Қазақфильм» Акционерлік қоғамын тексеру қорытындысы бойынша аса ірі көлемде бюджет қаражатын ұрлау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.
Прокуратураның баспасөз қызметінің хабарлауынша, фильм түсіруге бөлінген 400 миллион теңгеден астам қаржының ұрланғаны анықталған.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді экономикалық тергеп-тексеру департаменті жүргізіп жатыр.