20.09.2021, 12:09
Оқылды: 63

Ұлттық құраманың әлем чемпионатындағы қарсыласы анықталды

Қазақстан құрамасы Литвада өтіп жатқан футзалдан әлем чемпионатының 1/8 финалында Тайланд құрамасымен бақ сынасады.

 20

Қазақстан мен Таиланд матчы 23 қыркүйекте Каунас қаласында өтеді. Ойын Нұр-Сұлтан уақытымен 23:00-де басталады. Сондай-ақ, 1/8 финалда Венесуэла Мароккомен, сонмен қатар Ресей Вьетнаммен ойнайды.

Айта кетейік, ұлттық құрама топтық кезеңде Коста-Риканы (6:1) және Литваны (3:0) жеңді және Венесуэламен тең ойнады (1:1).

 

baq.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале