Ұлттық құрылтай құрамы өзгерді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Фото: Ақордадан
Ұлттық құрылтай жұмысына жаңадан қоғам өкілдері тартылғаны хабарланды:
- Қазақстандағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиева;
- "Қазақстан корейлер қауымдастығы" ЗТБ төрағасы Юрий Шин;
- Қазақстанның Еңбек Ері, № 7 Семей орта мектеп-лицейінің мұғалімі Алма Шұқыжанова;
- Парламент Мәжілісінің депутаттары Нұрлан Әуесбаев пен Никита Шаталов;
- Басқарма төрағасы - Zhubanov University ректоры Лаура Қарабасова;
- жеңіл атлетика спортшысы Айсұлу Сүлейменова;
- дүнген этносының жетекшісі Лұғмар Буларов;
- Тележүргізуші, "Азаттық рухы" ақпарат агенттігінің журналисі Кристина Гринько.