20.01.2026, 15:30
Оқылды: 265

Ұлттық Құрылтайдан кейін Қазақстанда не өзгереді?

Өткен жылдың қорытындылары және Президент атап өткен маңызды жаңалықтар мен тапсырмалары:

5438141578947005741

- Ұлттық құрылтайда айтылған ұсыныстардың негізінде 26 заң қабылданды

- Алматы облысында қазақ драма театры, Абай, Ақтөбе облыстарында театрлар бой көтереді.

- Шымкентте де опера және балет театрының құрылысы басталмақ

- Екі жылдың ішінде елімізде 100-ден астам мәдениет ошағы жөнделеді

- Биыл жазда Корея Республикасының Пусан қаласында Бүкіләлемдік мұралар комитетінің кезекті отырысы өтеді. Сол кезде «Маңғыстаудың жерасты мешіттерін» ұйым тізіміне қосу мәселесі қаралады

- Ғалымдарымыз Қызылорда жеріндегі Сауысқандық пен Түркістан облысындағы Арпа өзеннен жалпы саны 17 мың петроглиф тапқан. Осындай құнды жәдігерлеріміз бен ұлттық дәстүрлеріміз

- ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұралар тізімінде болуға әбден лайық деп санаймын. Құзырлы министрлікке осы мәселелерге қатысты жұмысты қолға алуды тапсырамын

- Біз Абайдың «Қара сөздерін» ЮНЕСКО-ның «Әлем жады» деректі мұралар тізіміне енгізуіміз керек

5438141578947005750

- Әл-Фараби, Ясауи ілімдері де ұлт руханиятының ұстыны саналады. Ашығын айтсақ, ұлы бабаларымыздың өсиеттерін олардың мерейтойы кезінде ғана еске аламыз. Бұл – дұрыс емес

- Мен халықтың жады мен ғылым-білімін жинақтайтын «Ұлттық цифрлық мұра» қорын құру идеясын қолдаймын

- Биыл көктемде Жошы хан туралы деректі фильмді түсіру жұмыстары аяқталады. Көп сериялы фильмнің тұсаукесері беделді халықаралық платформаларда өтеді. Бұл туынды

-Алтын Орда брендін жер жүзіне дәріптеуге ықпал етеді

- Менің тапсырмаммен мамыр айында Алтын Орда тарихына арналған халықаралық симпозиум ұйымдастырылады. Іс-шараға әлемнің беделді ғалымдары шақырылады

- Жыл соңына дейін Ұлытау облысындағы бөлігінде көлік қозғалысы толық ашылады.

- Жолдың жалпы ұзындығы – шамамен 400 шақырым

- Қарағанды – Жезқазған бағытындағы жол талай жылдан бері тозып тұр. Биыл ескі жолдың қапталына екі жолақты жаңа жол салуға кірісеміз

5438141578947005739

- Бұдан бөлек, Сарыағаш маңындағы көлік қозғалысы да өте тығыз. Сондықтан, осы жылы «Сарыағаш айналма жолының» құрылысы қолға алынады

- Бұрын да айтқам, қазір де атап өткім келеді: біз «тарихи жарақат алған» ұлт психологиясынан біржола арылуымыз керек

- Ең алдымен, болашақ Парламенттің атауы бойынша пікірімді айтсам. Қысқаша айтқанда, - Құрылтай деген атауды беру керек деп сенемін

- Жаңа Парламентте Төрағаның үш орынбасары болуы мүмкін. Ал, комитет саны 8-ден аспауы керек

- Депутаттар енді пропорционалды жүйе қағидатымен сайланады. Мұндай тәсіл саяси партиялардың институционалдық рөлін күшейтеді. Бірақ аймақтарда мажоритарлық жүйені сақтап қалу керек деп ойлаймын. Еліміздің өңірлерінде жергілікті азаматтардың дауыстары, пікірлері жақсы естілуі қажет. Бұл – мен үшін айқын ұстаным

- Ел тарихында алғаш рет Мәжіліске алты партияның өтуі – соның айқын дәлелі.

- Сондықтан мен бес пайыздық межені қалдырған жөн деп санаймын

- Жаңа Парламентте депутаттарды бес жылға сайлау көзделіп отыр

- Заң қабылдаудың үш кезеңнен тұратын процедурасы ұсынылады

- Мемлекет басшысы мерзімінен бұрын қызметтен кетсе, екі айдың ішінде кезектен тыс

- Президент сайлауы өтеді деген норма негізгі заңда нақты белгіленуі қажет. Осы норма кейінгі мемлекет басшылары үшін де еш өзгермейтін қағида болуға тиіс!

5438141578947005746

- Конституцияда азаматтардың дербес цифрлық деректері заңмен қорғалатыны нақты айтылуы керек деп санаймын. Мен әзірге келіп түскен ұсыныстардың негізгі тұстарына тоқталып өттім. Осылайша, конституциялық реформаның жалпы сұлбасы шығып келеді

- Ұлттық құрылтай ел тарихында қалады

- Бізді әлі де көп жұмыс күтіп тұр. Ұлт болашағын айқындайтын ең маңызды шаруалар енді басталды. Сондықтан қиындықтан жалтарып немесе табысқа тоқмейілсіп отыруға қақымыз жоқ, уақытымыз да жоқ

- Келесі Парламентіміз халқымыздың ұлттық санасында өзіндік орны бар ұғым, атына заты сай Құрылтай сөзімен аталса, мұны жақсы ырымға балауға болады деп сенемін.

Мемлекет басшысы

Қасым-Жомарт Тоқаевтың қызметі туралы

ресми медиа-ресурс

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале