14.05.2024, 9:15
Оқылды: 36

Ұлттық орталық қоры құнды қолжазбалармен толықты

Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығының қызметкерлері Абай облысына ғылыми экспедициямен барды. Семейде экспедиция қатысушылары бірнеше тарихи жерлерді аралады. Бұл туралы мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

26363a94-93cc-47a0-90d7-5ab0599bf70e

Жергілікті мешіттен XIX-XX ғасырдағы мыңдаған сирек құнды қолжазба табылды, оның 27-сі орталыққа табысталды. Кітаптар қатарында Абдулла Румидің «Ескі түркі тілі» кітабы, «Қырық хадис» тәржімасы, Бүкіл советтер союзындағы барлық мұсылмандарға мүджрах, Төте жазудағы өлеңдер, тағы да басқа мұралар бар.

56ea3786-b7b0-4a85-a80f-889d8e0994a5

Экспедиция мүшелері ғалым-тарихшы Амантай Исаұлының жеке ғылыми кітапханасымен танысып, ғалымның қолынан 15 қолжазба мен сирек кітаптарды Ұлттық орталық қорына алды. Оның ішінде 1888 жылы жарық көрген «Ғылым халы» мен 1891 жылы басылған «Тәржіма ғин әл ғалам» кітаптары және ХХ ғасырдың бас шенінде Қазан, Орынбор, Уфада қаласынан шыққан сирек кітаптар бар.
«Осы мешітте табылған сирек кітаптар мен қолжазбалардың мол қоры өңірдің тарихының ажырамас бөлігі ретінде бабаларымыздың баға жетпес мұрасы. Оны сақтап қалу – өте маңызды», – деді Реставрация және консервация бөлімінің басшысы Сырым Ботабеков.

Айта кетейік, іссапардың мақсаты – Қазақстан аумағында бар қазіргі таңдағы қожазба мен сирек кітаптардың ортақ тізімін жасау, оларды мемлекеттік реестрге алу.

Алдағы уақытта аталған құнды жазбаларды зерттеу және реставрация жұмыстары жүргізіледі.

 

gov.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале