Астанадан сүйінші хабар жетті. Оралдық оқушылар Ұлттық пікірсайыс турнирінде І орын иеленді. Жеңімпаздарды Оқу-ағарту министрі Ғани Бектайұлы марапаттады.
16-17 ақпанда Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің ұйымдастыруымен Қазақстандағы Алғыс айту күніне арналған Ұлттық пікірсайыс турнирі өтті.
Ұлттық пікірсайыс турниріне аудандық, қалалық, облыстық кезеңдерден үздік шыққан 120 оратар қатысты. Олардың қатарында Орал қаласы Ә.Молдағұлова ат. №38 мектеп-лицейі (қазақ лигасы) және №35 мектеп-лицейі (ағылшын лигасы) командалары бар.
БҚО делегациясын Оқушылар сарайының педагогы, қалалық дебат координаторы Ерсұлтан Жалмұқан бастап барды.
Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайында финалдық кезеңге жиналған үздік пікірсайысшылар арасындағы дода жоғары деңгейді өтті.
Ұлттық лиганың қорытындысында қазақ лигасы бойынша Ә.Молдағұлова ат. №38 мектеп-лицейі І орынға ие болды, тренері — Р.Қ. Бекали. Ағылшын лигасына қатысқан №35 мектеп-лицейі шәкірттері де жақсы ойын көрсетті, тренері — А. Мясников.
zhaikpress.kz