6.01.2021, 9:33
Оқылды: 180

Ұлттық ұлан – қауіпсіздік қалқаны

Елдің біртұтастығы мен халықтың тыныштығын сақтауда ұлттық ұлан жауынгерлерінің атқаратын рөлі ерекше. Темірдей тәртіпке бағынған олар күндіз-түні кірпік қақпай, жауынгерлік қызметте жүреді. Әскери киім киіп, Отан үшін адал қызмет ету – үлкен жауапкершілік жүктейді.

 IMG-20201027-WA0071

Биыл 10 қаңтарда Ішкі әскерлердің, қазіргі Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланының құрылғанына 29 жыл толады.

Тарихқа бет бұрсақ, КСРО ыдырағаннан кейін Қазақстан егеменді мемлекет құру жолына түсті. Қоғамдық қауіпсіздікті, заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету үшін Президенттің 1992 жылғы 10 қаңтардағы Жарлығына сәйкес Қазақстан аумағында орналасқан КСРО ІІМ Ішкі әскерлерінің құрамалары мен бөлімдерінен Қазақстан Республикасының Ішкі әскерлері құрылды.

Ал 2014 жылғы сәуірде Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Ішкі әскерлері ішкі істер органдарының бірыңғай жүйесіне кіретін Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы болып қайта құрылды.

Осы сәттен бастап 1992 жылғы 10 қаңтарда Қазақстан Ұлттық ұланының тарихы мен қызметтік-жауынгерлік қызметінің жаңа есебі басталды.

Жалпы, құқық қорғау әскерлерінің қалыптасуы мен даму тарихын үш кезеңге бөлуге болады.

Бірінші кезең – 1992-2000 жылдарды қамтитын ішкі әскерлердің құрылуы мен қалыптасу кезеңі. Бұл жылдары әскерлер кеңестік кезеңнің ішкі әскерлерінен тәуелсіз Қазақстанның құқықтық тәртіп әскерлеріне көшудің күрделі жолынан өтті.

304b842f-6930-4449-9d83-74c41a429915

Алғашкыда 1994 жылы Жоғарғы Бас Қолбасшының тапсырмасымен ішкі әскерлерде ірі құрылымдық қайта құру жүргізілді. Әскерлердің басқарылуын арттыру үшін өзін толық ақтаған бригадалық жүйе құрылды.

Сондай-ақ, 1996 жылы құқық тәртібі әскерлеріне әскери рәміздер: Ішкі әскерлердің Туы мен белгісі, кейіннен әскерлердің құрамалары мен бөлімдеріне жауынгерлік ту табыс етілді.

Ел Президентінің Ішкі әскерлердің жоғары әскери училищесін құру туралы шешімі әскерлер үшін тарихи оқиға болды. Оған 1997 жылғы 20 желтоқсанда Петропавл қаласында мемлекет басшысы Жауынгерлік Туды табыстады.

Екінші кезең ішкі әскерлерді реформалаудың бірінші бағдарламасының орындалуымен есте қалған 2000-2007 жылдар кезеңін қамтиды.

ФОТО НАЦГВАРДИИ 2020

Үшінші кезеңге әскерлердің даму тарихына кірген 2008-2020 жылдар кезеңін, оның тіршілік әрекетінің бүкіл саласын түбегейлі қайта құру жылдары ретінде жатқызуға болады. Олардың негізгілері әскерлерді басқару жүйесінің өзгеруі, әскерлердің жауынгерлік қабілеттілігі мен жүгіргіштігін арттыру, халықаралық байланыстардың кеңеюі және ішкі әскерлердің Ұлттық ұланға айналуы болып табылады.

Бүгінгі күні Ұлттық ұланның әскери қызметшілері Түркия Республикасының, Ресей Федерациясының, Беларусь Республикасының Жоғары әскери оқу орындарында білім алып, Қытайдың Халық Қарулы полициясымен тәжірибе алмасып жатқандығы қуантады.

2013 жылы Мемлекет басшысы өңірлік қолбасшылықтардың жаңа ұйымдық құрылымын бекітті. Ол бүгінде Ұлттық ұланның бөлімдерін күнделікті өмірде және дағдарысты жағдайлар туындаған кезде жедел әрі тиімді басқаруға мүмкіндік береді.

Одан кейін 2014 жылғы 21 сәуірде Мемлекет басшысы ішкі әскерлерін Ұлттық ұлан болып қайта құру туралы Жарлыққа қол қойды. Ал 2015 жылғы 10 қаңтарда "Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы туралы" Жарлыққа қол қойылды.

DSC_6699

Бұл ұрпақтар сабақтастығын бейнелейді және Ұлттық ұлан, ең алдымен, азаматты, қоғамды, оның құқықтары мен бостандықтарын қылмыстық және басқа да заңсыз қол сұғушылықтардан қорғауға арналған ішкі әскерлердің тікелей мұрагері екендігін көрсетеді.

Әсіресе, Мемлекет басшысы үнемі әскерлердің өміріне қызығушылық танытады. Оның жіті назарының арқасында қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы қуатты кадрлық және техникалық әлеуетке, жедел мүмкіндіктерге, жақсы жарақтандырылған және мобильді бөлімшелерге ие.

Бүгінгі таңда әскерлер өз қызметін берік заңнамалық негізде ұйымдастырады. Қарауылдар, әскери нарядтар құрамындағы әскерлердің әскери қызметшілері еліміздің ірі қалаларында қоғамдық тәртіпті сақтау жөніндегі қиын жауынгерлік қызметті тәулік бойы атқарады, түзеу мекемелері мен маңызды мемлекеттік объектілерді күзетуді сенімді қамтамасыз етеді.

Мереке күндері біздің "Батыс" өңірлік қолбасшылығымыздың жеке құрамы қызметтік-жауынгерлік міндеттерді толық көлемде орындайды, ұлы батырлардың және аға ұрпақтың қазақстандық жауынгерлерінің жауынгерлік дәстүрлерін жалғастырады және көбейтеді. Біздің тарихымыздың, Қазақстанның тұтастығы мен тәуелсіздігі идеяларын қорғағандардың бәріне құрмет көрсетеді.

IMG-20201027-WA0076

Осы кезеңде біздің әскерлеріміз қоғам мен халық тарапынан сынға ұшырамады деп айту жеткілікті.

Біздің жауынгерлеріміз Төтенше жағдайлар кезінде қойылған міндеттерді сәтті орындауда. Әскерлердің жеке құрамы Алматы және Батыс Қазақстан облыстарындағы, Темірлан елді мекеніндегі, Шымкент қаласының "Забадам" шағын ауданындағы, Оңтүстік Қазақстан облысының Ордабасы ауданындағы табиғи апат салдарын жою, Солтүстік Қазақстан облысының орман шаруашылығындағы өртті оқшаулау кезінде жұмылдырылды.

Ақмола және Қарағанды облыстарындағы түзеу мекемелерінде бірқатар арнайы операциялар жүргізу, Ақтау қаласындағы түзеу мекемесінен топтық қарулы қашудың және сотталғандардың жаппай тәртіпсіздіктерінің жолын кесу кезінде әскерлер іс жүзінде қалай тез және тиімді әрекет ету керектігін көрсетті.

Әскерлердің жекелеген бөлімшелері Ақтөбе облысының Кеңқияқ, Шұбаршы кенттерінде, Ақтөбе қалаларында, Атырау облысының Құлсары кентінде қылмыстық топты ұстауға және жоюға, сондай-ақ Атырау қаласының "Көктем" шағын ауданында терроризмге қарсы операцияны және Алматы облысының Ақсай шатқалында іздестіру іс-шараларын жүргізуге белсенді қатысты.

Ұлттық ұлан – мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін ең ұрысқа қабілетті құралымдардың бірі. Әскерлер аса маңызды стратегиялық объектілер мен түзеу мекемелерін күзетуді жүзеге асырады, ішкі істер органдарымен бірге қоғамдық қауіпсіздікті қорғауға елеулі үлес қосады.

Күн сайын Батыс өңірінде қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз етуге Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының "Батыс" өңірлік әскери бөлімдерінің 800-ге жуық әскери қызметшісі тартылған.

IMG-20201210-WA0139

Біздің еліміздегі төтенше жағдай кезеңінде батыс өңірдің әскери жасақтары 70-тен астам адамды қылмысқа қатысы үшін және әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін 368 адамды ұстап, ішкі істер органдарына жеткізді.

COVID-19 пандемиясы кезеңінде Ақтөбе қаласының муниципалдық объектілерінің, сауда орталықтарының және басқа да қоғамдық орындарының аумақтары мен ғимараттарын дезинфекциялау үшін ауданы 94000 м2 астам 45-тен астам объектілер мен учаскелерді дезинфекциялау ерітіндісімен өңделген АРС-14 арнайы техникасы (ЗИЛ-131 базасындағы авто құю станциясы) қолданылды.

Сондай-ақ Орал, Ақтөбе, Ақтау, Атырау, Жаңаөзен қалаларына жедел ақпарат жеткізу және ел мен облыс басшылығының карантинді сақтау жөніндегі талаптарын түсіндіру мақсатында дыбыс тарату машиналары іске қосылды.

Сонымен қатар, әскери бөлімдердің тәртіп сақшылары 5517, 6655, 6656, 5548, 5546, 3502 «Nur Otan» партиясымен бірлесіп, Батыс өңірдегі қалалардың 1500-ден астам әлеуметтік осал отбасыларына азық-түлік жиынтығын жеткізуді ұйымдастырды.

IMG-20200430-WA0055

Әлбетте, №5517 (Орал қ.), 6655 (Ақтөбе қ.), 6656 (Ақтау қ.), 5546 (Атырау қ.) әскери бөлімдерінің әскери оркестрлері халықты моральдық қолдау мақсатында онлайн-концерттер өткізді. Сондай-ақ әскери бөлімдердің әскери оркестрлері 2020 жылғы 9 мамырда Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына орай балкондардың астында, Ұлы Отан соғысының ардагерлері, тыл еңбеккерлері және қала тұрғындары үйлерінің аулаларында соғыс жылдарының әндерін орындағандығын атап өту қажет.

Ұлттық ұланның әскери бөлімдері орналасқан жерде жалпы орта білім беретін мектептерде, мектеп-лицейлерде, мектеп-гимназияларда "Жас бүркіт" әскери-патриоттық клубтары мен кадет сыныптары ашылды. Олар бөлім командирлерінің бұйрықтарымен бекітіліп, ынтымақтастық туралы меморандумдар, бірлескен жоспарлы жұмыстар мен сабақ кестелері жасалды. Оның аясында  клуб оқытушыларына әдістемелік көмек көрсетіліп, қоян-қолтық ұрыс, саптық дайындық және т.б. бойынша танымдық сабақтар өткізілді.

Бөлімдердің қоғамдық ұйымдары мен әйелдер кеңесі жыл сайын "Мектепке жол" акциясын өткізеді. Онда көпбалалы отбасыларға балаларды мектепке жинауға көмек көрсетілді.

Сонау тәуелсіздік жылдарында ел Президентінің Жарлығымен ерлік пен батырлық көрсеткені үшін 150-ден аса әскери қызметші түрлі мемлекеттік наградалармен марапатталды. Олардың 40-тан астамы орденмен, сондай-ақ полковник Қайрат Үмбетовке жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – "Халық қаһарманы"атағы берілді.

Бұл өмірге қауіп-қатермен байланысты жауынгерлік қызметте де ерлікке әрқашан орын бар. Дәл осындай әскери қызметшілердің арқасында біздің әскерлеріміз кез-келген күрделі және жауапты міндеттерді адал абыроймен атқаруда.

Соның бір айғағы ретінде, 2020 жылдың 26 қазан айында №5517 әскери бөлімінің  келісімшарт қызметінің әскери қызметшісі, аға сержант Асқар Нұрғалиев өмірін қатерге тігіп, көпірден Шаған өзеніне секірген 32 жастағы әйелді құтқарды Адам өмірін құтқарумен байланысты төтенше жағдайда көрсеткен ерлігі, батылдығы мен жанқиярлығы үшін аға сержант Асқар Нұрғалиев Қазақстан Республикасының Ұлттық ұлан "Батыс" өңірлік қолбасшылығының қолбасшысының бұйырығымен 2-ші дәрежелі «Ұлттық ұлан кеуде төсбелгісімен» және де Батыс Қазақстан облысы әкімінің алғыс хаттымен марапатталды.

Ұлттық ұлан әрқашан қылмысқа қатаң тосқауыл қоюға, азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, елдегі тиісті құқықтық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті сақтауға және қамтамасыз етуге қабілетті, қуатты мемлекеттік жүйе ретінде әрекет етеді.

фото 2 (2)

Сондықтан бізге, Отан қорғаушыларға, құқықтық тәртіп әскерлерінің дәстүрлерін сақтау, көбейту және кейінгі ұрпаққа беру ерекше тарихи жауапкершілік жүктелген.

Әріптестерімізді кәсіби мерекелерімен яғни, Қазақстан Республикасының Ұлттық ұлан әскерлерінің  құрылғанына 29 жыл толуымен шын жүректен құттықтай отырып, отбасыларына бақ-береке, қажымас-қайрат, еңбектеріне жеміс, ұзақ ғұмыр, мықты денсаулық, бақыт және толайым табыс тілеймін. Отанымыздың тәуелсіздігі тұрақты, тұғыры берік болсын! Көк байрағымыз көгімізде желбірей берсін, ағайын!

           

Бақыт Алазов,

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланның

«Батыс» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары, подполковник

Орал қаласы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале