Орал қаласында өткен сенбіде Тұңғыш Президент алаңында қала күніне арналған мерекелік шара өтті. Салтанатты кеште елімізге белгілі өнер иелері өнер көрсетіп, қала тұрғындарын қуанышқа бөледі.

Мерекелік жиынға жиналғандардың қатары қалың болғандықтан, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету жұмысы Ұлттық ұлан сарбаздарының басты назарында болды.
Айта кетерлігі, іс-шара барысында төрт баланың ата-анасынан адасып қалғаны анықталды. Жауапты сәтте Ұлттық ұлан сарбаздары шұғыл әрекет етіп, жасөспірімдерді аман-есен отбасына табыстады.
Мерекелік концерт жүргізушілері Ғазиз бен Ақболат сахна төрінен Орал қаласы тұрғындарының атынан сарбаздарға алғыс айтып, олардың еңбегін ерекше атап өтті.
ҚР Ұлттық ұланы “Батыс” өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі