20.03.2025, 12:45
Оқылды: 518

Ұлттық ұлан сарбаздары Наурызнама онкүндігі аясында ұлттық спорттан сынға түсті

 

Орал қаласындағы Ұлттық ұланның 5517 әскери бөлімінде Наурызнама онкүндігі аясында Ұлыстың ұлы күніне орай ұлттық спорт түрлерінен жарыстар өтті. Бұл мерекелік шара сарбаздардың рухын көтеріп, дене даярлығын шыңдауға бағытталды.WhatsApp Image 2025-03-20 at 13.18.07 (1)

Жарыс барысында сарбаздар асық ату, арқан тарту, гір тасын көтеру және қол күресі бойынша бақ сынасты. Әр сайыс қызу тартысқа толы өтіп, қатысушылар өздерінің шеберліктері мен күш-жігерін көрсете білді.

WhatsApp Image 2025-03-20 at 13.18.06 WhatsApp Image 2025-03-20 at 13.18.06 (1)

Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы грамоталармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Бұл шара тек спорттық бәсеке ғана емес, ұлттық дәстүрлерді дәріптеп, сарбаздар арасында бірлік пен достықты нығайтуға да ықпал етті.

 

ҚР Ұлттық ұланы “Батыс” өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале