25.12.2025, 12:30
Оқылды: 77

Ұлттық ұланда психолог мамандарға құрмет көрсетілді

25 желтоқсан – Психолог мамандар күніне орай Ұлттық ұланның «Батыс» өңірлік қолбасшылығында жеке құрамның моральдық-психологиялық жай-күйіне жауапты психолог мамандарға құрмет көрсетілді.

WhatsApp Image 2025-12-25 at 12.40.14

Салтанатты шара барысында басшылық әскери психологтардың Ұлттық ұлан сапындағы маңызды рөліне тоқталып, олардың сарбаздардың психологиялық тұрақтылығын қамтамасыз етудегі елеулі еңбегін атап өтті.

WhatsApp Image 2025-12-25 at 12.40.15
Кездесу барысында қызметте үздік нәтиже көрсеткен бірқатар мамандарға алғыс хаттар табысталып, ізгі тілектер білдірілді. Басшылық тарапынан әскери психологтардың әрбір сарбаздың ішкі жан дүниесін түсініп, олармен жүйелі әрі нәтижелі жұмыс жүргізіп келе жатқанына жоғары баға берілді.

ҚР Ұлттық ұланы “Батыс” өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале