14.08.2023, 18:00
Оқылды: 29

Ұлттық ұланның әскери қызметшісі халықаралық турнирдің қола жүлдегері атанды

Жарыс Тәуелсіз мемлекеттер достастығына мүше мемлекеттердің дене шынықтыру және спорт саласындағы ынтымақтастық туралы келісімін қабылдаған елдері арасында өткізіліп жатыр.

PHOTO-2023-08-14-14-24-09

Аталған жарысқа отандасымыз, Ұлттық ұланның 6655 әскери бөлімінің әскери қызметшісі қатардағы жауынгер Еламан Қойшыбаев қатысты.

Жарыс барысында табысты өнер көрсеткен қазақстандық спортшы жартылай финалда қырғыз самбошысы Жамалбек Асылбектен жеңіліп, ІІІ орынды місе тұтты.

PHOTO-2023-08-14-14-24-05

- Самбодан ТМД елдерінің ойындарында қолдау көрсеткен және еліміздің атынан өнер көрсетуге мүмкіндік жасаған жандарға шын жүректен алғыс білдіргім келеді. Ұлттық ұлан қолбасшылығы маған елімізді халықаралық аренада танытуға мүмкіндік жасады. Бұл маған спортшы ретінде де, тұлға ретінде де өсуге көмектесетін керемет тәжірибе болды, - деп атап өтті Еламан Қойшыбаев.

Айта кетейік, ТМД елдерінің ойындары – ұлттық және олимпиадалық спорт түрлеріне негізделген тұрақты жарыстардың бірі.

 Ұлттық ұланның

баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале