28.07.2025, 12:00
Просмотры: 360

Ұлттық ұланның қатары жаңа сарбаздармен толықты

Орал қаласындағы 5517 әскери бөлімінде 200-ден астам жас сарбаз Отанға адал қызмет етуге ант берді.

WhatsApp Image 2025-07-28 at 11.51.45

Ел тыныштығы мен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуде ерекше маңызға ие Ұлттық ұлан сапы тағы бір мәрте жас буынмен толықты. Қазақстанның түрлі өңірлерінен жиналған сарбаздар Орал қаласында орналасқан 5517 әскери бөлімінде салтанатты түрде әскери ант қабылдады. Бұл – Отан алдындағы қасиетті борыштың бастамасы.

WhatsApp Image 2025-07-28 at 11.51.27

Салтанатты рәсімге қатысқан әскери бөлім командирі, полковник Өміржан Сахатов жас сарбаздарға жүрекжарды лебізін білдіріп, ел қорғаны болудың жауапкершілігі мен абыройы жайында айтып өтті.

e22f1c5c-1f0b-4b4d-9c15-3591de87e70a

– Әскери ант – бұл жай ғана сөздер емес, бұл – әр жауынгердің жүрегіне жазылатын серт. Бұл – елге, жерге, ата-баба аманатына деген адалдықтың белгісі. Сіздерге артылған сенім зор. Осы сенімді ақтау – азаматтық парыздарыңыз, – деді полковник.

Жас сарбаздар атынан қатардағы Арнұр Сисенов сөз алып, барша жас жауынгерлердің елге қызмет етуге дайын екенін жеткізді.

1dc9ce45-ef58-4791-b6ab-fbb91be66ac2

– Біз, жас сарбаздар, әскери тәртіп пен жауынгерлік рухты бойымызға сіңіріп, Ұлттық ұлан қатарында абыроймен қызмет етуге ант етеміз. Ел тыныштығы – біздің басты міндетіміз, – деді ол.

bf6732d6-cacc-47ad-a32d-e6edf59c53a8

Айта кетейік, бұл жолғы шақырылым Түркістан, Ақтөбе, Атырау, Алматы, Жамбыл және Маңғыстау облыстарын қамтыды. Сарбаздар алдағы уақытта Орал қаласының қоғамдық тәртібін сақтау мен қауіпсіздікті қамтамасыз ету жолында жауынгерлік қызмет атқаратын болады.

ҚР Ұлттық ұланы “Батыс” өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале