Алғыс айту күніне орай Орал қаласындағы Жастар шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен "Ұлы дала ұрпағына мың алғыс!" атты онлайн шара өтті.
Бұл күн – Тәуелсіз Қазақстанды құру жолында қызмет еткен барша ұлт өкілдерінің туған жеріне тағзым етіп, елге алғыс жаудырар күн.
Онлайн шара Қадыр Мырза Әлидің сөзіне жазылған Ескендір Хасанғалиевтің "Атамекен" әнімен бастау алды.
- Көпшілікке Дамир Сатыбаев, Гүлзада Ахметова, апалы-сіңлілі Маркиналар өнер көрсетті. Бишілер мың бұрала билеп, әншілер ән шырқап, онлайн концертті өз деңгейінде өткізді, - дейді орталықтың ақпарат және жарнама бөлімінің әдіскері Эльмира Тукенова.
Ертай Бимұханов,
zhaikpress.kz