19.09.2023, 16:45
Оқылды: 61

«Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесі мәреге жетті

«Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесі мәреге жетті. Ұлы жорыққа қатысқан шабандоздар бүгін Түркістан облысында мәре сызығын кесіп өтті, деп хабарлайды Qazaqstan.tv.

99A6D35C-BC4E-465D-ADC8-6F2E21E3F555

Сурет: Almaty.tv

Ат пен атбегілердің төзімі сыналған дүбірлі додада 1300 шақырымдық жол артта қалды. 13 күн бұрын Елордадан бастау алған жарысқа 19 команда шыққан. Тек 4 өңірдің арғымақтары шыдас берді.

Түркістан жұртшылығы оларды қошеметпен қарсы алды. Шашасына шаң жұқтырмаған Жетісулық шабандоздар жеңімпаз деп танылды. Тұлпарлар 1300 шақырымды 94 сағатта шауып өткен. Ал Ақтөбе командасы мәре сызығын екінші болып кесті. Үшінші орын Алматылық шабандоздарға бұйырды. Командалары жарыс жолынан шығып қалған, бірақ арғымағының мәре сызығына дейін жететінін дәлелдемек болған шабандоздардың бірі Маңғыстаулық Мағжан Абдоллаұлы. Себебі тұлпарлар дүбірінде дес бермей келген Маңғыстау облысының арғымақтары жарақат алып, күтпеген жерден қайтып кеткен еді.

– Негізі біз ойлағанбыз Маңғыстау бірінші орын алады деп, екінші орынды Қостанай жылқысы алады деп. Бірақ көріп отырсыздар, бірінші орынды бесінші орында келе жатқан Жетісу командасы алды. Бұл жерде тек қана аттың бабы ғана емес, бұл бағы да болу керек, - деді ҚР Ат спорты федерациясының президенті, жоба авторы Бақытжан Тұрлыбеков.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале