Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мейрамының төрт мың жылдық тарихы бар. Алайда бұл күнді халық жадында қазақы костюмдер мен ұлттық тағамдарға толы дастарқанды елестететіндей жұтаң ұғым қалыптасқанын жоққа шығара алмаймыз. Бүгінгі ұрпақ ұлы істі бағындыратын атаулы күннің сыры мен жырына қанықты ма? Жер бетіндегі ең көне мереке саналатын Наурыз мейрамының мән-мағынасын түсіне ме?
Ұлыстың ұлы күнінің маңызы туралы халық ауыз әдебиетінің аңыздары негізінде облыстық «Орал өңірі» газетінің 19 наурыз күнгі №22 санында журналист Гүлсезім Бияшева «Ұлы күннің мән-маңызын білеміз бе?» атты мақаласында толығырақ түсінік береді.
zhaikpress.kz