Бір уақытта «Елбасы келді, дайындалыңдар!» деген xабар жетті. Сол сәтте бойымызды жинап, айтатын сөзімізді іштей тағы бір мәрте қайталап алдық. Міне, көптен күткен тұңғыш Президентіміз де келді.
2018 жылдың 15 мамыры күні мен үшін өмірімдегі ең жарқын күндердің бірі болды десем, артық айтқандық емес. Себебі сол күні облысымызға жұмыс сапарымен келген Елбасымызбен кездескен Ақ Жайық жастарының қатарында мен де болдым, - дейді облыстық «Орал өңірі» газетінің №95 санында шыққан «Ұлы мақсатқа үлес қосамыз» атты мақаласында Орал қаласының тұрғыны Марина Биғалиева. Ол үшін «Орал өңірінің» кезекті санына көз жүгіртіңіз, оқырман!
zhaikpress.kz