Ұлы Отан соғысының ардагерлерін 9 мамыр күні Жеңіс мерекесімен құттықтау туралы ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ерлан Әукенов айтты.
«Жергілікті атқарушы органдар карантин шараларын барынша қатаң сақтап, жұмыс жүргізеді. 9 мамыр мерекесінің маңызы зор. Осыған байланысты Мемлекет басшысының атынан соғыс ардагерлерінің бәріне мерекелік медальдар мен құттықтау сый тапсырылып, азық-түлік кәрзеңкесі беріледі», - деді Ерлан Әукенов тілшілердің сұрағына берген жауабында.
Бұған дейін Ерлан Әукенов Қазақстанда Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан 1 025 ардагер бар деп мәлімдеген еді.
Сондай-ақ биыл Екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлеріне 1 млн. теңгеден берілетіні белгілі.
zhaikpress.kz