8.05.2020, 13:54
Оқылды: 444

Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ардагер ұстаздар туралы энциклопедия жарық көреді

  Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай БҚО білім басқармасы «Білім беруді дамыту орталығы» жоспарына сәйкес «Ұрпақтар ұмытпайтын Ұлы Жеңіс» жобасы аясында Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ардагер ұстаздар туралы энциклопедия жарық көреді.

C6B8E8ED-F762-4563-B3CD-D0AC6D917AF2

Энциклопедияда Батыс Қазақстан облысының барлық аудандары және Орал қаласы бойынша ардагер ұстаздар туралы материалдары, деректер қоры жинақталады. Дайын энциклопедия облыс бойынша барлық білім беру ұйымдарына қолжетімді болмақ.  

Қазіргі таңда облыс көлемінде Ұлы Отан соғысы жылдарындағы 100-ге жуық ардагер ұстаздар туралы материалдар жинақталды. (http://www.zkobbdo.kz/kk/akparattyk-bet).  Жобаның негізгі мақсаты Ұлы Отан соғысындағы ерлік көрсеткен ардагер ұстаздардың еңбегін дәріптеу болып табылады.

  Үміт Жәңгірова

БҚО білім басқармасының баспасөз хатшысы 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале