25.03.2022, 9:45
Оқылды: 53

Ұлыбритания коронавирус вакцинасын науқасты емдеу үшін сәтті қолданды

Польша міндетті маска режимін алып тастады. Ұлыбритания коронавирус вакцинасын індетті емдеу үшін сәтті қолданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия мәліметіне сілтеме жасап.

200801134746062e

Ұлыбританияда вакцинацияны коронавирус инфекциясының алдын алу үшін емес, оны емдеу үшін қолданудың алғашқы сәтті жағдайы баяндалды. Коронавирус екпесі иммун тапшылығымен байланысты тұқым қуалайтын сирек сырқаты бар науқасты емдеуде тиімді болды. Енді ғалымдар вакцинация ұқсас жағдайлары бар басқа пациенттерді емдеуге ықпал етеді деп үміттенеді.

Емдеуден сәтті өткен науқас – 37 жастағы ер адам. Онда COVID-19-ға ПТР тестілеу 7,5 ай бойы оң нәтиже көрсеткен. «Pfizer» вакцинасының екі дозасы енгізілгеннен кейін вирус ағзадан түпкілікті жойылып кеткен. Ғалымдардың айтуынша, вакцинация науқастың иммундық жүйесін «қайта бастауға» мүмкіндік берді және ол инфекцияны өз бақылауына алды.

Польша билігі 28 наурыздан бастап маска тағып жүруді және шетелден келген азаматтар үшін карантин режимін алып тастауды шешті. Бұл туралы баспасөз мәслихатында республиканың Денсаулық сақтау министрі Адам Недзельский мәлімдеді.

Алайда, бұл талаптардың алынуы медицина мекемелеріне, оның ішінде қызметкерлер мен пациенттерге қатысы жоқ.

Өзге барлық нысанда 28 наурыздан бастап аталған талаптар өз күшін тоқтатады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале