4.03.2024, 10:15
Оқылды: 51

Ұлыстардың астанасы болған қай қала?

ІХ ғасырда Қидан мемлекетінің, одан кейін Найман ұлысының астанасы болған орта ғасырлық қаланың бірі - Алматы қаласы. Заманында орта ғасырлық астаналардың көшін бастаған,  ірі сауда-саттықтың орталығы болған қалалардың бірі ретінде жазба деректерде «Алмалы» аталған екен.

тау

Кешегі моңғол шапқыншылығы тұсында Шыңғыс хан Алматыға екі рет шабуыл жасап ала алмай, наймандармен он жыл бойы арпалысып, үшінші мәрте шабуыл жасағанда тізе бүктіріп, одан кейін Отырарға аттанады.

Моңғол билігі тұсында Алмалы (Алматы) Шағатай ұлысының астанасы болады. Ал ХІІІ-ХV ғасырларда Алматы қаласы туралы жазбаларда атының жиі аталуы, сол кездегі Бабыр, Мұхаммед Хайдари және Моңғолдардың «Құпия тарихы» еңбектерінде кездесуі осыдан.

Кейін Ресей отаршылдығы тұсында 1850 жылы ежелгі атымен аталмай «Верный» бекінісі деген атпен жазыла бастайды. Кешегі кеңес үкіметі тұсында ежелге атауы қайтарылып 1921 жылғы 5 ақпандағы Жетісу Ревкомының №12 қаулысымен оған орыс тілінде «Алма-Ата» деген атау берілген.

                                           Зұлқожа Шарафутдинов,

zhaikpress. kz

(«Қазақтар». Энциклопедиялық анықтамалық. А. 2003 жыл)

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале