1.07.2021, 19:00
Оқылды: 25

«Үнді» штамының негізгі белгілері қандай?

Маусым айының соңына қарай елімізде әлемді алаңдатып қойған «үнді» штамы анықталды. «Үнді» штамы тез жұғуда. Тіпті адамнан адамға жұғу жылдамдығы ұлыбританиялық штамнан да жоғары екен.

naMbj82UsNp6bKMSn650YAEWpNNNvCKmyQmia7cJ

«Үнді» штамын жұқтырған кезде науқастың буындары мен іші қатты ауырып, жүрегі айнып, құсуы мүмкін және бұл дерт кереңдік пен аяқ-қолда қанның ұйып қалуына әкелуі ықтимал. Осы орайда коронавирустың бұл штамының өзге де белгілері туралы айтпақпыз.

«Дельта» штамының негізгі белгілеріне буын мен іштің ауырсынуы, сонымен қатар есту қабілетінің нашарлауы да жатады. Негізгі симптомдар суық тиген кездегі белгілерге келеді – бас ауырсынуы, тұмау, тамақтың ауырсынуы, дене қызуының көтерілуі. Мысалы, дәм сезу жоғалған жағдайда тұрғындар тұмау деп ойлап қалады. Бірақ денсаулығы әлсірей бастаған жағдайда науқас дәрігер шақырту керек, себебі бұл штам тез жұғады және қауіптірек. Яғни бұл штам Уханда табылған алғашқы штамға қарағанда екі есе жұқпалы. Бұл жағдайда азаматтар өздігінен емделмеуі керек», - дейді инфекционист дәрігерлер.

«Үнді» штамын жұқтырғанда әдеттегідей дәм мен иіс сезу қабілеті жоғалмауы мүмкін. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас ғылыми қызметкері Сумья Сваминатан мәлімдеген болатын. Сваминатанның айтуынша, таралу жылдамдығын ескерсе, коронавирустың "дельта" нұсқасы әлемдегі басым штамға айналуы мүмкін. ДДСҰ мәліметі бойынша, «дельта» штамы әлемнің 92 елінде тіркелген.

Ресейдегі Гамалея атындағы эпидемиология және микробиология ғылыми-зерттеу орталығының директоры Александр Гинцбургтің айтуынша, коронавирустың «үнді» штамы және оның мутациясы – қауіпті. Өйткені вирустың бұл нұсқасы жасушаларға еніп, антиденелерге өте төзімді болады. «Ол жасушаларды жоймайды, бірақ бір жасушадан екінші жасушаға ауысып, көп ядролы жасуша түзеді. Осылайша ол ішке кірген кезде қанда айналатын антиденелерге өте төзімді болады", - деді ғалым.

zhaikpress.kz

Сурет informburo.kz сайтынан алынды

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале