Қазақстандық гимнаст Нариман Құрбанов Чэндуде (Қытай) өтіп жатқан жазғы Универсиадада күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Фото: olympic.kz
Нариман спорттық гимнастикадан ерлер арасындағы жарыста 15,266 ұпай жинап, екінші орын алды. Бірінші орында Қытайлық Тайбэй спортшысы Ли Чин-кай (15,500), ал үшінші орынды оның отандасы Шяо Ю Цзян (14,933) иеленді.
Осылайша, Қазақстан қоржынында 19 жүлде бар: екі алтын, жеті күміс және он қола.