Қазақстан құрамасы Қытайдың Чэнду қаласында өтіп жатқан ХХХІ Дүниежүзілік жазғы универсиадада медаль саны жөнінен 10-орынға көтерілді, деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Фото: Спортты дамыту дирекциясынан
Бүгін таеквондошы Рита Бәкішева (46 келі салмақта) Қазақстан қоржынына алғашқы медальді салған еді. Қазақстандық спортшы финалда тайбэйлік Хуан Ин-Сюаньды ұтты.
Сонымен бірге Универсиадада Қазақстан құрамасының бірнеше спортшысы күміс, қола медаль жеңіп алды.
Күміс медаль
Ислам Сәтбаев, Константин Малиновский Малиновский, Никита Шахторин (нысана көздеуден ұлттық құрама);
Никита Чирюкин (тапанша, 25 м);
Елжана Тәниева (көркем гимнастика, доп);
Диана Тұрсынбек (садақ ату);
Елжана Тәниева (көркем гимнастика, лента).
Қола медаль
Сұңғат Жұбатқан (дзюдо, 66 келі);
Асқар Нарқұлов (дзюдо, 73 келі);
Ислам Сәтбаев, Константин Малиновский Малиновский, Никита Шахторин (нысана көздеуден ұлттық құрама);
Елжана Тәниева (көркем гимнастика, шығыршық);
Бекарыс Сәдуақас (дзюдо, 100 келі).
Қазір Қазақстан құрамасы жалпы есепте 10-орынға көтерілді. Ел спортшылары бір алтын, бес күміс, бес қола медаль жеңіп алды.