19.07.2025, 22:00
Оқылды: 94

Универсиадада ел қоржынына қос медаль түсті

Германияның Рейн-Рур аймағында өтіп жатқан ХХХІІ Дүниежүзілік жазғы Универсиадада көркем гимнастикадан Айбота Ертайқызы мен таеквандодан Дамир Шуленов қола медальді еншілеп, ел қоржынына қос бірдей жүлдені салды. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі жазды.
 photo-output
Сурет: gov.kz

Спортшы Айбота Ертайқызы таспамен жаттығуда сәтті өнер көрсетіп, үшінші орынды иеленді. Ал Дамир Шуленов таеквандо жарысында үшінші орынға жайғасып, қола медальдің иесі атанды.

photo-output

Айта кетейік, Германияда өтіп жатқан жазғы Универсиада 16 шілдеде басталған болатын. Байрақты бәсеке 27 шілдеге дейін жалғасады. Қазақстан намысын 12 спорт түрінен 76 спортшы қорғауда.

b4e272c3-c580-4a50-91d7-a7299a400aef

Әлемдік додада ел қоржынына қола медаль сыйлаған Айбота мен Дамирді шын жүректен құттықтаймыз!

Бұл – ел үшін зор қуаныш, ал спортшы үшін үлкен еңбек пен табандылықтың жемісі.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале