25.11.2019, 18:49
Оқылды: 47

Университет делегациясы Самараға барды

Жуырда Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің делегациясы Ресейдің Самара қаласына барды.

Құрамында БҚИТУ-дың ректоры, экономика ғылымдарының докторы, профессор Раушан Ғабдуалиева, ғылыми-зерттеу және халықаралық қатынастар жөніндегі проректор Вера Бурахта, педагогика, тілдер және менеджмент факультеттерінің академиялық қызмет департаментінің басшысы Самал Машанова, доцент Виктор Захаров бар делегация Самара мемлекеттік техникалық университеті мен Самара мемлекеттік әлеуметтік-педагогикалық университетінде болып, ғылым саласындағы ынтымақтастықты дамыту мақсатында келіссөз жүргізді.

bqitu samara (1)

Әрі бірлескен білім беру, студенттер мен оқытушыларға арналған академиялық ұтқырлық, ғылыми кадрларды даярлау, мұғалімдерге арналған үздіксіз білім беру бағдарламаларын қабылдау жайы сөз болды. Сондай-ақ,  магистранттарға ғылыми тағылымдамадан өту, педагогикалық, экономикалық және техникалық салаларда бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу мүмкіндіктері талқыланды.

bqitu samara (5)

Айта кетейік Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің делегациясы Самара мемлекеттік техникалық университетінде өткен «Болашақ қалалар» халықаралық сәулет-құрылыс инновациялар форумына да қатысты.

Есенжол Елекенов

БҚИТУ-дың баспасөз хатшысы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале