26.10.2022, 16:31
Оқылды: 65

Түркістан облысында 2 жасар бала жаңбыр суы толған шұңқырға түсіп көз жұмды

Түркістан облысында екі жасар бала өз үйінің ауласында жаңбыр суына батып көз жұмды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

7

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, бүгін, яғни 26 қазанда сағат 01.00-ден 6.00-ге дейін Түркістан облысында үздіксіз жауын-шашын салдарынан 3 ауданда (Қазығұрт, Бәйдібек, Сарыағаш) жеке тұрғын үйді, 21 аула аумағын су басты және 13 ірі қара мал қырылды.

"Жағдай Түркістан облысы әкімдігі мен ТЖ департаментінің бақылауында. Тиісті күштер мен құралдар құрылды. Қазіргі уақытта Түркістан облысының жергілікті атқарушы органдары мен Төтенше жағдайлар департаментінің күштерімен су айдау жұмыстары жүргізілуде", - делінген ТЖМ хабарламасында.

Сондай-ақ, жауын салдарынан қараусыз қалған бала көз жұмған.

"Қазығұрт ауылында сағат 9.30 шамасында 2020 жылғы бала өз үйінің ауласында ересектердің қарауынсыз ойнап жүріп, үйдің аумағындағы жаңбыр суына толған шұңқырға құлап, батып кетті", - делінген хабарламада.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале