Қылмыскерлердің ұрланған қаруды сату фактілері анықталды. Бұл туралы ҚР ІІМ Тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қылмыскерлердің ұрланған қаруды сату фактілері анықталды. 18 ақпанда Жамбыл облысының Байзақ ауданында жедел іс-шаралар барысында ұрланған Калашников автоматын сату барысында Тараз қаласының 45 жасар тұрғынын криминалдық полиция қызметкерлері ұстады. Жеке тінту кезінде күдіктіден қаруды сатудан түскен 300 мың теңге, ал автомашина салонынан екі Калашников автоматы оқ-дәрісімен тәркіленді», - деді С.Әділов Орталық коммуникациялар қызметінде.
Оның айтуынша, түсіндіру жұмыстары нәтижесінде адамдар 100-ден аса қаруды ерікті түрде тапсырды.
«Қаруды ерікті түрде тапсырған адам, егер оның әрекеттерінде басқа қылмыс құрамы болмаса, қылмыстық жауапкершілікке тартылмайтынын естеріңізге саламын», - деді С.Әділов. Бұдан бұрын хабарланғандай, қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қаруды, табылуына қатысты жаңа деректерін айтылды.