13.09.2021, 9:35
Оқылды: 39

US Open: Даниил Медведев алғаш рет чемпион атанды

Ресейлік теннисші, әлемнің 2-ракеткасы Даниил Медведев US Open турнирінің чемпионы атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

6
Ресейлік спортшы финалда әлемнің 1-ракеткасы, сербиялық Новак Джоковичті 6:4, 6:4, 6:4 есебімен ұтты. Жарыс барысында Медведев қарсыластарына 1 сет қана берді.

Финалдық матч 2 сағат 15 минутқа созылып, ресейлік теннисші 16 эйс жасап, 8 брейк-пойнттың тең жартысын пайдаланды. Қарсыласы 6 эйс, 1 брейктен (6 брейк-пойнт) аса алмады.

Осылайша Д.Медведев өз спорттық жолында алғаш рет «Үлкен дулыға» турнирінің жеңімпазы атанды. Бұдан бұрын ресейлік теннисші екі рет финалға шығып, жеңіліп қалған еді.

Соның ішінде биыл ақпанда Аустралия ашық чемпионатында Н.Джоковичке есе жіберді. Биыл Аустралия біріншілігіне қоса Ролан Гаррос және Уимблдонды ұтқан Н.Джокович соңғы «Үлкен дулыға» жарысында ғана сүрінді.

Д.Медведев – теннис тарихында осындай үлкен табысқа қол жеткізкен үшінші ресейлік спортшы. Бұдан бұрын Евгений Кафельников 1996 жылы Ролан Гарроста, 1999 жылы Аустралия чемпионатында, Марат Сафин 2000 жылы US Open, 2005 жылы Аустралияда үздік атанған еді.

 

inform.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале