19.08.2024, 17:00
Оқылды: 54

US Open турнирінің іріктеу сынына қатысатын қазақстандықтар анықталды

Нью-Йоркте теннистен АҚШ ашық чемпионатының іріктеу турнирі басталмақ, деп жазады Olympic.kz.

EEC576BC-EBB8-43DB-8FB5-3FFB2419EE2F

Сурет: Olympic.kz

Ерлер арасында іріктеу сайысында Қазақстаннан 5 теннисші бақ сынайды. Әлемнің 121-ракеткасы, 36 жастағы Михаил Кукушкин іріктеу сайыстарының ширек финалында дүниежүзілік рейтингіде 142-орында тұрған аргентиналық Марко Трунгеллитимен кездеседі.

Әлемнің 184-ракеткасы Денис Евсеев рейтингіде 215-сатыдағы эквадорлық Альваро Гильен Месамен ойнайды.

Рейтингіде 187-орындағы Дмитрий Попко әлемнің 96-ракеткасы, тағы бір аргентиналық Тьяго Агустин Тирантеден өтуге тырысып көреді.

Тимофей Скатовтың (№192) да қарсыласы аргентиналық Факундо Багнис (№129).

Бейбіт Жұқаев (№218) швейцариялық Марк-Андреа Хюслермен (№205) шеберлік байқасады.

Әйелдер арасында рейтингіде 580-орындағы Зарина Дияс қытайлық, әлемнің 209-ракеткасы Есинь Мамен кездеседі.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале