5.11.2024, 11:00
Оқылды: 41

Ұсақ бұзақылық жасаған 7 мың адам 441 млн теңге айыппұл төледі

Биыл ұсақ бұзақылық жасаған 4,5 мың адам қамауға алынды. Бұл туралы ІІМ Ақпараттық саясат департаментінің басқарма бастығы Бауыржан Максимов мәлім етті, деп жазды ҚазАқпарат.

ЖП АҚША

«Мемлекет басшысының тапсырмасымен биыл осындай құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілік күшейтілді. Егер мұндай әрекеттер бірінші рет жасалса, онда сот 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға немесе 20 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алуға құқылы. Бұзақылық әрекеттер қайталанып жасалған жағдайда құқық бұзушы әкімшілік қамауға алудың ең жоғары мерзіміне – 30 тәулікке дейін қамауға алынатын болады», - деді басқарма бастығы министрлікте өткен брифингте.

Бауыржан Максимовтің дерегінше, жыл басынан бері ұсақ бұзақылықтың 16 мыңнан астам фактісі тіркелді.

«4,5 мың құқық бұзушы қамауға алынып, 7 мың адамға 441 млн теңгеге айыппұл салынды. ІІМ «заң және тәртіп» қағидатын қамтамасыз ету бойынша жұмысты жалғастырып жатыр. Азаматтарды заңды және қоғамдық тәртіпті сақтауға шақырамыз», - деді ол.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале