Ақтөбе полицейлері ресейлік құқық қорғау органдарынан 24 жыл бойы жасырынған қылмыскерді ұстады, - деп хабарлайды Massaget.kz.
Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері үш адамды өлтіргені және қарақшылық шабуыл жасағаны үшін өз елінде іздеуде жүрген Ресей Федерациясының 56 жастағы азаматын ұстады.
– Ол 1999 жылғы күзде Орынбор қаласында бір топ адаммен (бұрын сотталған және ұсталған 3 адаммен) алдын ала сөз байласып, пайда табу мақсатында үш азаматқа қарақшылық шабуыл жасап өлтірген және қылмыс іздерін жасыру үшін олардың мәйіттері өртеп, көміп тастаған, - делінген ведомство хабарламасында.
Қазір ұсталған адам тергеу изоляторына қамалды. Оны Ресей Федерациясына экстрадициялау мәселесі шешіліп жатыр.