7.10.2020, 17:43
Оқылды: 51

Үш балықшы суға кеткен

БҚО ТЖД дағдарыс орталығында «Күзгі уақытта демалыстағы қауіпсіздік шаралары» тақырыбында брифинг өтті. Онда БҚО ТЖД бастығының орынбасары, подполковник Ақылбек Ахметжанов алдымен табиғатта демалу кезінде бағусыз, қараусыз қалған балалар үлкен қауіп төндіретінін, бұған мысал ретінде өткен аптада Бәйтерек ауданы Достық ауылында демалыс уақытындағы ешкім қарамай, бақылаусыз қалған  балалардың автокөлікке отырып, құрылғыны бейтарап жылдамдыққа ауыстырып, соның салдарынан көлік суға түсіп, нәтижесінде екі отбасынан 3 бала қайғылы қазаға ұшырағанын айтты. Ол сондай-ақ күзгі мезгілде суда балық аулаудың қызық әрі қауіпті іс екенін сөзіне сүйеніш етті. Оның айтуынша, биыл жыл басынан бері облыс аумағында 3 балықшы суға кетсе, бұрнағы жылы – 3, өткен жылдың осы кезеңінде 8 балықшы суға батып кеткен.   

TJD

 

–Балықшылар, әдетте су айдындарына қайықпен шығады да, құтқару құралдарын алуға мән бермейді. Зәкірді түсіру немесе көтеру, балық торларын орнату сияқты кез келген абайсыз қозғалыс тепе-теңдіктің бұзылуына әкеліп соғады. Сол кезде адам бірден суға құлап, құтқару кеудешесін кимесе, су астына батып кетуі әбден мүмкін. Сондай-ақ су қоймасында тек техникалық жарамды жүзу құралында болып, оған артық салмақ жүктемеу керек. Сол сияқты құтқару кеудешесінде жүзу қажет. Балық, аң аулау үстінде кенеттен қозғалмаған жөн. Резеңке қайық болса, тесілмегенін, кесілмегенін қадағалау керек. Судағы қайғылы оқиғалардың көбі ішімдік ішуден орын алып жатады, сондықтан бұндай кезде алкоголді сусындардан аулақ болған жөн. Тіпті, адам су жағалауында болса да, қауіпсіздік ережелерін қатаң ұстау керек. Мәселен, тік және тайғақ сазды өзен жағасында тұрып, қармақ лақтырған кезде аңдаусыз жедел, шұғыл қозғалудың да соңы қайғылы жағдайға душар етуі кәдік, – деді Ақылбек Ахметжанов өз сөзінде.

191108161115687e

Журналистермен өткен брифинг барысында аталмыш департамент бастығының орынбасары облыстағы су айдындарында адам қазасына жол бермеу мақсатында азаматтарды балық аулауда дұрыс жабдықталған, жарамды қайықта ғана суда қауіпсіз қозғалуға болатынын, қайықта балық аулау кезінде жүзе білудің өте маңыздылығын, бұның өзін, қасындағы досын құтқаруға көмектесетінін, кездейсоқ оқиғаларды болдырмауда балықты жағадан аулақ кетпей аулаған дұрыс екенін, жағадан алыс жерде балық аулау үшін бортты құтқару және сигнализация құралдарымен жабдықтау қажеттігін, балық аулауға кетер алдында баратын жер туралы туысқандар мен жақындарды міндетті түрде хабардар етіп, балық аулаудан қайтатын уақытты нақтылау секілді қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырды.

– Су қоймасына қайықпен балық аулауға барар алдында қайықтың жай-күйін мұқият тексеріп, оның тесігі жоқтығына, ескектерінің жарамдылығына көз жеткізіңіз. Кез келген төтенше жағдай туындаған жағдайда шұғыл түрде «112» телефонына қоңырау соғу қажет, – деді ол сөз соңында.

                                                                                  Нұрымбек Жапақов,  

         zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале